АймақБас тақырыпҚарағанды

Облыста «Кенесары хан додасы» этноқұрылтайы өтеді

20 маусым күні Қарағанды облысында «Кенесары хан додасы» этноқұрылтайы өтеді. Ұйымдастырушылар ұлттық мәдениет пен спорт мерекесінің бір бөлшегіне айналғысы келетін барша тұрғындарды бұл шараға қатысуға шақырады.

Қонақтарды дәстүрлі спорт түрлері бойынша тартысты жарыстар күтіп тұр. Бағдарлама аясында көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу және өзге де ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар іс-шара барысында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық мәдениет көрмесі және ашық аспан астындағы fashion-дефиле өтеді. Қатысушылар мен қонақтар Ұлы даланың салт-дәстүрімен, халықтық өнермен және этникалық мұраның заманауи үлгілерімен танысуға мүмкіндік алады.

Өтетін орны: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Turan-El Qazaq Sport ат спорты клубы, 033 есептік орамы, 325-учаске. Басталуы – 10:00.

Этноқұрылтай TuranEl QazaqSport орталығының қолдауымен ұйымдастырылады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button