Жаңалықтар

АТА ЗАҢ – АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ

   Жезді кентінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар – Ата Заң» тақырыбындағы  концерттік бағдарлама өтті.

Конституция күніне мектеп оқушыларының арнауларынан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын енгізу құрметіне ие болған №48 өрт сөндіру бөлімінің кіші сержанты Н.Шәкей, Ұлытау аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы С.Мукушев, Жезді ішкі істер бөлімінің аға сержанты Ж.Әубәкіровтерге көрермендеріміз үлкен қошемет көрсетті. Жиылған қауымды Жезді кентінің әкімі Б.Нұрбалаев құттықтаса, жас әнші Н.Хамит мерекелік сахнаның шымылдығын «Алға, Қазақстан!» әнімен ашты. Биыл бүкіл әлем назарындағы «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның жүрегі – Астана қаласында бой көтеруі еліміздің мақтанышы деп «Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамблінің әншілері А.Қадырова мен Ғ.Женсикбаева «Аста­на», «Бұлқынды жүрек» А.Смағұлов «Жерім менің» әндерін әуелете орындады. Балалар саз мектебінің  түлектері Д.Сайдалина мен Н.Хамит «Күй тартыс» жасап сахнаның көркін келтірсе, Желдібаевтың  «Ерке сылқым» күйіне (жетекшісі М.Сұлтанғали), жезтаңдай әншілеріміз Ә.Сұлтанбекова  «Атамекен», «Туған жер», А.Қадырова «Іңкәрім», «Айым ба екен-ай», А.Смағұлов «Бір түрлі қыз», «Үш меркі» әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Жас әншілеріміз Ж.Ерденованың «Арманым», Н.Хамиттің «Джаз әлемі» әндері тыңдармандардың көңілін көтеріп тастады. Мерекеге арналған концерттік бағдарламаны вокалистер «Қазақ елі» әнімен аяқтаса, мектеп оқушылары қолдарындағы түрлі-түсті шарларды көгілдір аспанға әуелете ұшырды. Іс-шара «Ата Заңым – ардағым» атты жасөспірімдерге арналған қызықты ойын мен «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» тақырыбындағы жастар ойын-сауық кешіне ұласты.

Алма ҚАДЫРОВА,

Жезді кенті Мәдени-

сауық орталығының

көркемдік жетекшісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button