Қасқырдың қаны
Қарт редактор Қасым ОРЫНБЕТОВ әкемізге
«Жақсы сөз – жан елітер көңіл құсы,
Жаманның насихат сөз емес досы.
Елітіп әсем жігіт тыңдай ма-деп,
Ойланып бәйіт еткен себебі осы…»
Нарманбет ОРМАНБЕТҰЛЫ.

Тоқырауын!
Бабама бағыт болған отұраның.
Тұщы суын Балқашқа құйып беріп,
Тұщымды әңгіме айтып отыр ауыл.
Ақ қайыңың!
Адастым Шашекеңнің таппай үнін…
Манарбек, Күләш болып көкке өрлесем,
Аққыз, Мағау шертілер Хаққа күйім!
Деріпсалды!
Жоңғарға жалын бүркіп, өрт салды.
Қанда бар ғой, қаламын қару етіп,
Шамырқанған шабыт та ерікті алды.
Орманбет би!
«Қалдаудың қасқырынан»* қалған көп сый.
Қысылтаяң қысқартып Орынбет боп,
Тегіңді тергегені ойдан кетпей…
Нарманбеттен!
Қайраткерлік, қазылық болған көппен.
Кер заманға өр қадам, ел мен жердеп,
Жырлаған сол жүректі жалғандеп пе ең?!
Қасым әке!
Қаламгердің қашан да қосы жеке.
Кіндік кескен Калинин колхозы мен
Қараталды қарекет басы десе.
Енді міне!
Сексен жастың шығыпсыз сеңгіріне.
Қараменде Даданға дара көмбе,
Кеңгірбайға ныспы боп Кеңгірі де…
Бөлек дала!
Қала деген қарбалас, қорек қана.
Маңайдағы азаннан жүрек ақ нұр,
Тоқсанда тайсалмаған Әнет баба!
Сексендесіз рухани редактор,
Сөкпесеңіз сөйлейміз себеп таба…
Руслан НҰРБАЙ.
* Орманбет биді айналасындағы елі бірбеткей, турашылдығы үшін «Қалдаудың қасқыры» деп атаған екен.