Тарих

ҚАРЕКЕ-АЛТАЙ (Шерубай-Нұра) болысының билері

Бір жарым ғасыр бұрын Қареке-Алтай тегі Нұра, Шерубай-Нұра, Соқыр өзендерінің жағалауындағы дархан даланы жайлады.

Омбы облысы әскери губернаторының 1870 жылдың 28 қыркүйегіндегі бұйрығы бойынша болыс билеушісі болып Болғабай Үсенбаев бекітілді. Алайда, 1872 жылдың 21 маусымында ол қызметінен кетіп, орнына сұлтан Төке Қоңырқұлжин тағайындалады. Ауылдағы билер болып: Қияш Саңрықов, Сәтек Мәмбетов, Ертісбай Үндемесов, Бисен Айтуғанов, Сапақ Бүйрин табылады.

1874 жылдың 17 қыркүйегінен бастап, Сібір әскерінің хорунжий болысының билігіне Бегалы Қоңырқұлжин және оның орынбасары болып Сәтек Мәмбетов келеді. Ауыл билері: Қияш Саңрықов, Бисен Айтуғанов, сұлтан Төке Қоңырқұлжин, Нұрмұхамет Мырзағұлов, Ертісбай Үндемесов, Байбаба Исергенов.

Губернатордың 1875 жылғы 29 тамыздағы бұйрығына сай, Қареке-Алтай болысы Шерубай-Нұра болысы болып өзгертіледі.

1878 жылдың 13 қаңтарында болыс басына Жәңгір Бегалин, оның орынбасары болып Жұқай Саңрықов тағайындалады. Ауыл билері: Қияш Саңрықов, сұлтан Төке Қоңырқұлжин, Нұрмұхамет Мырзағұлов, Бисен Айтуғанов, Ертісбай Үндемесов, Қосық Қонақов. 1879 жылдың 16 қазанында сұлтан Төке Қоңырқұлжин денсаулығына байланысты қызметтен босатылып, оның орнына Байбаба Исергенов келеді.

Келесі бұйрық 1881 жылдың 9 қаңтарында шығарылып, болыс басына Ысқақ Саңрықов, оның орынбасары лауазымына сұлтан Ыбырай Қоңырқұлжин тағайындалады. Ауыл билері: Байбаба Исергенов (1883 жылдың 21 қаңтарында қайтыс болады), Қияш Саңрықов, Бақтыбай Жұбанышев, Бисен Айтуғанов, Ертісбай Үндемесов, Нұрмұхамет Мырзағұлов, сұлтан Абылай Қоңырқұлжин, сұлтан Төке Қоңырқұлжин. Елші жігіт – Тұрар Қошқынбаев.

1884 жылғы 1 қыркүйектен бастап болыс билігіне Жәңгір Бегалин келеді бірақ, 1885 жылдың 9 тамызынан бастап, ол «уақытша тергеу амалдарына байланысты қызметінен алыстатылып», өз орнына тек 1886 жылдың 18 маусымында ғана қайтып оралады. Болыс басшысының орынбасары ретінде Жұқай Саңрықов тағайындалады. Ауыл билері: Бүркітбай Бекмурзин, Дәуірбай Қожанбердин, Қосық Қонақов, Нұрмұхамет Мырзағұлов.

1887 жылдың 3 наурызынан бастап болыс билігі Ысқақ Саңрықовтың қолына өтеді, алайда, ол 1887 жылдың 27 қыркүйегінде қайтыс болады. 1887 жылдың 18 қарашасында сұлтан Жәңгір Бегалин болыс басшысы лауазымына келеді. Билердің ішінде Абылай Қоңырқұлжин (1890 жылдың 15 маусымында дүниеден өткен), Бүркітбай Бекмурзин, Өскенбай Көбетаев, Іңкәбек Байбабин, Төке Қоңырқұлжин, Нұржан Байгельдин, Қияш Саңрықов, Бисен Айтуғановтың (1887 жылдың 11 қазанында дүниеден өтіп, орнына Рыспай Бүйрин келді) есімдері белгілі.

1893 жылдың 7 қазанында болыс басшысы болып Нұрлан Қияшев, оның орынбасары ретінде Қияш Саңрықов тағайындалады. Ауыл билері: Исай Құдайбердин, Тоғай Қоңырқұлжин, Рыспай Бүйрин, Батылхан Нұрмағамбетов, Іңкәбек Байбабин, Асқар Тоқышев, Жарас Өтегенов, Жұқай Саңрықов, Ахмет Бисенов, Аққозы Байғотықов, Көшкінбай Баисов.

1894 жылдың 31 наурызында болыс басшысы Нұрлан Қияшев, билер Ахмет Бисенов және Көшкінбай Баисов тергеуге алынуына байланысты қызметтерінен босатылды. Нұрлан Қияшев 1895 жылдың 28 ақпанында өзінің болыстық лауазымына қайта оралады. 1895 жылдың 7 қазанында ол мақтау қағазымен, ал 1896 жылдың 19 қарашасында ІІІ дәрежелі құрмет шекпенімен марапатталады. Қасым Беков пен Елубай Айдабұлов губернатордың алғысын алады.

1895 жылдың 1 қыркүйегінде Нұрлан Қияшев екінші мәрте болыс басына келеді. Болыс басшысының орынбасары болып Ахметжан Байбабин тағайындалады. Ауыл билері: Іңкәбек Байбабин, Жұқай Саңрықов, Иса Сарбасов, Иса Құдайбердин, Тоғай Қоңырқұлжин, Тоғайбек Жандаралов, Құтемген Әсетінғузиев, Асқар Тоқышев, Жарас Өтегенов, Көшкінбай Баисов.

1898 жылдың 17 маусымындағы бұйрық бойынша өткізілген сайлау нәтижелері келесідей: болыс басшысы – Алтынбек Жәңгіров, орынбасары – Ахметжан Байбабин. Ауыл билері: Есей Құдайберденов, Құтемген Ақынқузев (?), Іңкәбек Байбабин, Асқар Тоқышев, Жылқымбай Қаңтарбаев, Жұқай Саңрықов, Ахмет Бисенов, Иса Сарбасов, Қашқынбай Баисов, Батылхан Нұрмағамбетов (1900 жылдың 22 қаңтарында өмірден өтіп, орнына Дүржан Әйнеков келді), Қайырбек Рыспаев.

1901 жылдың 30 қыркүйегінен бастап болысты Нұрлан Қияшев және Ахмет Байбабин басқарды. Ауыл билері: Тойшыбек Жандаралов (1902 жылдың 31 наурызында қайтыс болып, орнына Айтпек Ашамаев келген), Жұқай Саңрықов, Махат Жасланов, Қалыбай Базилев, Қайырбек Рыспаев, Ахмет Бисенов, Жұмабай Үсенбаев (1904 жылдың 3 наурызында денсаулығына байланысты лауазымынан кетіп, орнына Ыбырай Балтабаев тағайындалған).

1905 жылдың 8 сәуірінен бастап болыс басына Нұрлан Қияшев пен Әбділда Ысқақов келеді. Ауыл билері: №1 – Қоуытбек Өскенбаев, №2 –  Іңкәбек Байбабин, №3 – Омар Нұрашев және Нұрбек Бекхожин, №4 – Тәліп Азнабаев және Ахметжан Тоқсанов, №5 – Қозыбай Базылов және Мергенбай Жәңгіров, №6 – Қайырбек Рыспаев және Құсайын Сопақов, №7 – Ахмет Бисенов және Тәліп Бисенов, №8 – Ыбырай Балтабаев және Боғыбай Мархин.

1906 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік дума депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылар 43 жастағы Сәдуақас Қияшев пен Әлібек Саңрықовты алға тартты.

1905 жылдың маусымында болыста 1251 киіз үй және бірнеше меншік ауылдық мектеп болды. Сауалнама мәліметтеріне сүйенсек, қой саны – 15000, жылқы – 14000, ірі қара мал – 900, түйе – 600 басты құраған.

1907 жылдың 22 маусымында болыс басына қайтадан Нұрлан Қияшев пен Әбілда Ысқақов келді. Ауыл билері: №1 – Қоуытбек Өскенбаев және Төлек Төлеңгітов, №2 – Іңкәбек Байбабин (1908 жылдың 3 қыркүйегінде қайтыс болған) және Шайке Азнин, №3 – Омар Нұрашев және Мақай Сатаев, №4 – Мансұр Мекенов және Берден Көбеев, №5 – Оспан Шаныбаев және Рыспек Әділов, №6 – Қайырбек Рыспаев 1908 жылдың 10 қазанында денсаулығына байланысты қызметтен кеткен) және Құсайын Сопақов, №7 – Ахмет Бисенов және Берден Мауқұмов, №8 – Ыбырай Балтабаев және Исабек Ағашанов, №9 – Нұрыш Олжабаев және Нұргелді Олжабаев. Болыс молласы болып 1908 жылдың 23 қаңтарында Жармұхамет Жаманов бекітілген.

Нұрлан Қияшев 1908 жылдың 20 тамызынан 1910 жылдың 25 ақпанына дейін және 1910 жылдың 26 наурызынан 1911 жылдың 11 маусымына дейін  денсаулығына байланысты қызметінен кеткен.

1911 жылдың 24 қарашасынан бастап, болыс басшысы болып Нұрлан Қияшев және оның орынбасары ретінде Әбілда Бекхожин тағайындалды. Ауыл билері: №1 – Айтбек Ашамаев және Бекхожа Ашамаев, №2 – Омар Нұрашев және Абдрахман Тоқхожин, №3 – Оспан Шаныбеков және Оқжан Бакин, №4 – Құсайын Сопақов және Нашарбек Шоқыбасов, №5 – Нұргелді Олжабаев және Ақшолақ Құлжабаев. 1912 жылдың 2 мамырында болыс молласы болып Сейпілғазы Атабаев бекітілді.

1914 жылдың 31 қаңтарынан болыс билігіне Нұрлан Қияшев пен Алабек Сайрынов келді. Ауыл билері: №1 – Молдабек Даданов және Төлел Төлеңгітов, №2 – Омар Нұрашев (1916 жылдың 23 қаңтарында қайтыс болған) және Шашабай Жансенбаев, №3 – Оспан Шаныбеков және Сандыбай Әділов, №4 – Қайырбек Рыспаев және Манарбек Шоқыбаев, №5 – Нұргелді Олжабаев және Маншарбек Ордабаев. Болыста 910 киіз үй және 3389 тұрғын болған.

1919-1921 жылдары Ақмола уездік мекемесінің беделді мүшелерінің тізіміне Ахмет Құлынбаевтың есімі енгізілді.

 

Болыс Бұғылы

деп аталатын…

 

Қарағандылық Асылбек Алтыновтың хатын алдым. Оның қызығушылық танытқаны – 1901 жылы Шерубай-Нұра болысынан бөлініп, дербес аймақ болған Бұғылы болысының билері жайлы мәселе болатын.

Ең алдымен, Бұғылы болысының революцияға дейін Ақмола облысы Ақмола уезінің аумағында орналасқандығын айта кетейін. Оның атауы Шет ауданындағы Бұғылы тауларымен тығыз байланысты, ең биік нүктесі 1187 метрге жететін Бүркіт тауы болып саналады. Атауы кезінде осы жерді мекен еткен бұғы жануарын еске түсіреді. Астана қаласындағы қазақ жер-су атаулары мен шежіресінің даңқты білгірі Дәурен Аяшинов ертеректе «Бұғаулы» сөзінің болғандығын айтады. Сөзбе-сөз аударсақ, «шыңдаулы» немесе «кісенделген» деген мағынаны білдіреді. Болыс басшылары –  Қоңырқұлжа сұлтандары саны көп қарақырғыз руынан шыққан төлеңгіттер жайлаған ауылдарды басқарды. Сондықтан да бұл нұсқа ізденісті қажет етеді.

Жеке естеліктерге келетін болсақ…

Дәрия бекетінен 15 шақырым жерде орналасқан Бұғылы немесе Дәрия таулары қарағандылық саяхатшылардың кездесу орны болып саналады. Әр жылдары мұнда әртүрлі санаттағы туристер келіп, күркелерін тіккен болатын. Олар 3-4 күн бойы жастар лагері тау ауасымен демалып, тасқа өрмелеу бойынша жарысып, тамақ пісіріп, әзіл-қалжыңға ерік беретін.  Бірде әзілден алдына жан салмайтын белгілі бір адам лагерьге шаршы пішіндес ауыр жәшікпен келді. Ол адамды В.М.Ж деп атайық. Барлығы тосынсыйды күткен болатын, бірақ жұмбақ сандық кісенделген күйінде штаб күркесінде тұрды. Міне, соңғы түн мен тұманды таң да келіп жетті. Ешкімнің тұрғысы келмеді және командир «әкелер» де үнсіз болатын. Кенет «Манчжурия төбелерінде» атты вальстің таныс әуені құлаққа талып жетті. Күркелер ашылып, жұрт таң қалысты. Сандықта әдемі патефон тұрды, ал оның жанында В.М.Ж өтініш бойынша арнайы «көзақыға» концерт жүргізді.

Мен бірнеше рет Бұғылы аймағын кездім. Ақсақалдарды, өткен тарихты білетін тұлғаларды іздедім. Таба алмадым. Кейін білгенімдей, 1932 жылы бұл жердің халқын жан-жаққа таратып жіберген екен. Жерді КарЛаг нүктелеріне, фермалар мен бөлімшелерге берген. КарЛаг таратылғанда, базғы тұрғындар мұнда қайтып оралуға асықпағанға ұқсайды.

Бұғылы болысы билерінің бірінші құрамы 1901 жылдың 30 қыркүйегінде таныстырылды. Болыс басшысы болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы сұлтанның немересі Жәңгір Бегалы Құдаймендин (Қарамұрын қыстауы) тағайындалды. Оның орынбасары – ұлы сұлтан Алтын Жәңгіров (Сұлужал қыстауы) болды. Ауыл билері: Таныберген Құдаймендин, Тоғай Құдаймендин, Құтемген Алтынғазин  (Қатпар қыстауы, Шошақ руы), Асқар Тоқышев, Жылқыбай Қотырбаев, Қашқынбай Баисов (1902 жылы 22 наурызда қайтыс болып, орнына Ибат Қашқынов келген) және Айдархан Нұрмағамбетов.

Болыс молласы болып 1902 жылы 31 шілдеде Ахмет Байғарин бекітілген.

1905 жылғы сайлау жарты жылға созылды. 6 сәуірде билер мен олардың ауылдардағы орынбасарларын бекітті.

Исай Құдайбердин – Естай Құдайбердин.

Сұлтан Құсайын Төкен Құдаймендин (Қарағайсойған қыстауы) – Жармағамбет Жақсыбаев.

Байұзақ Шонаев (Жетімшоқы қыстауы, Мықты руы) – Жақсыбай Метов (Ши қыстауы, Самай руы).

Серікбай Беков – Марал Сақауов.

Төлеубай Бекетаев – Сәтжан Бекетаев (Таскөл қыстауы).

Ибат Қашқынбаев – Жүніс Ашықбаев.

Айдархан Нұрмағамбетов – Қанафия Әйнеков (Барғана руы).

Болыс басшысы Балмағамбет Бакин және оның орынбасары  Төлеубек  Бекхожин Ақмола әскери губернаторының 1905 жылғы 27 қазандағы бұйрығында көрсетілген.

Оған дейін 1905 жылдың маусымында болысты Ақмола облысының губернаторы нөкерімен басқарған. Онда: 1299 киіз үй, 6 мың жылқы, 5 мың ірі қара мал, 10 мың қой, бір мың түйе тіркелген. Шөп қоры – шаруашылыққа 3 шөмеледен. Іс қағаздарын жүргізу қанағаттанарлық деңгейде болды, бірақ қаржылық есептілік қолға алынбады. Бірнеше меншік ауыл мектептері жұмыс жасады. Болыстың Тоқтауыл және Көбетей мекендеріндегі көшпенді ауылдарға шабуыл жасаумен аты шықты.

1807 жылы 20 қаңтардан бастап, №2 ауылдың биі Құсайын Төкин лауазымынан босатылды. Оның орнына Жармағамбет Жақсыбаев келді. Мемлекеттік дума мүшелерін сайлау кезінде қазақ елінен үміткер ретінде 62 жастағы Ахмет Байғарин мен 47 жастағы Төлеубек Бекетаев таңдалды.

1907 жылдың 27 маусымында болыс билері мен олардың орынбасарлары бекітілді.

Исай Құдайбердин – Ақмағамбет Бүркітбаев.

Жармағамбет Жақсыбаев – Рыспай Наурызбаев.

Құтемген Алтынғазин – Бакиш Шалқарбаев.

Серікбай Беков – Марал Сақауов.

Балтабай Бисалбаев – Нұрмақин Жүзбаев.

Ибат Қышқынбаев – Жүніс Ашықбаев.

Айдархан Нұрмағамбетов – Дүржан Айтеков.

Жылдың 19 қаңтарында болыс басшысы болып Алтын Жәңгіров, ал оның орынбасары ретінде сұлтан Мұхамед Абылаев Құдаймендин тағайындалды. 1909 жылдың 19 қазанында билер Исай Құдайбергенов пен Серікбай Беков қызметтен уақытша босатылып, 1910 жылдың 21 қазанында қайтып оралды.

1911 жылдың 8 наурызынан бастап болыс басына – Алтын Жәңгіров пен Аққошқар Жаналин келді. Олардың ауылдардағы орынбасарлары:

Аймағамбет Бүркітбаев – Ғалиасқар Төкешов.

Ахмет  Ибраев – Мұхаметжан Тоғаев.

Әубәкір Тоққоянов – Ормалы Тоққоянов.

Сасан Игіліков – Ысқақ Көшербаев.

Жаншора Ботантаев – Кенжетай Алданжаров.

Алтын Жәңгіров 1911 жылдың 23 шілдесінен 1912 жылдың 14 ақпанына дейін және 1912 жылдың 21 тамызынан 13 желтоқсанына дейін емде болды. Ол кезде болыс басшысының міндетін Аққошқар Жаналин орындады. 1913 жылдың 18 қарашасынан болыс басына сұлтан Мұхамед Абылаев Құдаймендин келді. 1915 жылдың 12 маусымында оны Хасен Мусин Құдаймендин алмастырды. Ауылдағы билер мен оның орынбасарлары:

Исай Құдайбердин – Омар Тәжікеев.

Жақыш Макеев – Әубәкір Исенбаев.

Жұмәділ Байжұманов – Есмұханбет Жақсыбаев.

Құсайын Тоқин – Үкібас Құдаймендин.

Жолғар Бекетаев – Кенжетай Алданжаров.

Болыс басшылары мемлекеттік құрылым өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. 1902 жылдың қарашасында Санкт-Петербургте халықаралық костюмдер көрмесі өтті. Сұлтан Жәңгір Бегалы Құдаймендин ол жерге 17 зат жіберді. Оның ішінде түлкі малақайы, сусар мен түлкі аяқтарынан тігілген бас киімдер, әйелдерге, балаларға және ер адамдарға арналған тондар болды. Әйелдердің киімдерінен – барқыт бешпет, жаулық, кимешек және түйенің терісінен тігілген ішік кездесті.

1908-1910 жылдары Нұра өзенінің бойымен Петербург шенеунігі К.В. Щенников жүріп өтті. Ол жол бойын суретке түсірумен айналысты. Ауыл өмірін, тұрмыстық хаттарды қаз-қалпында суретке айналдырды. Ондағы бірқатар суреттер Абылай сұлтанның ұрпақтарымен тікелей байланысты. Астаналық этнографиялық мұражайға Мұхамед Құдаймендин сұлтаннан домбыра сыйлыққа берілген. Оларға бұдан бөлек, 300-ге тарта дүние тапсырылды, оның басым бөлігі – суреттер мен фотосуреттер. Мұнда аты аталған Мұхамед Абылаев Құдаймендин қоғам қайраткері ретінде белгілі. 1909-1913 жылдары ол Ақмола уездінің алқаби төрағасы болған. 1917-1921 жылдары оның есімі Ақмола уездік мекемесінің беделді мүшелерінің қатарында аталады.

Юрий ПОПОВ,

жазушы-өлкетанушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button