АймақБас тақырып
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда
ҚазАвтоЖол мәліметінше, Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автомобиль жолының 1009-1052 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде.

Жоба аясында 12,9 мың шаршы метр аумақта ақаулар жойылды. Сондай-ақ, 26,5 шақырым жолда асфальтбетон жабыны жонылды.оған қоса, 26 шақырымда суық жону әдісімен жол негізі нығайтылып, 22 шақырымда ірі үйіршікті асфальтобетон жабыны төселді.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



