АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандылықтар салынып жатқан үйлердің заңдылығын қайдан тексере алады?

Енді қала тұрғындары жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді сатып алмас бұрын рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ құрылыс салушылардың тізімінде бар ма, жоқ па екендігін қарай алады.

Сурет: www.imtilak.net

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сайтында «Өз тұрғын үй кешеніңізді тексеріңіз» бөлімі пайда болды.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттар пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынады. Сенім телефоны жұмыс істейді: (8-7212) 43-22-43.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бөлімде сәулет-құрылыс заңнамасының нормаларын бұзған 11 құрылыс салушының тізімі көрсетілген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button