Руханият

Қарағандылық бренд – Германияда

Германияда «Bazaar Berlin 2023» халықаралық сауда көрмесіне Қазақстанның павильоны қойылды. Еліміз бұл шараға тұңғыш рет қатысып отыр. Оның үстіне, облысымыздың екі бренді еуропа жұртының назарына ұсынылды. Олар – ABAI киімі және Alex Hartung былғары сөмкелерінің бренді.

«Bazaar Berlin 2023» 61-ші халықаралық сауда көрмесі 8-12 қараша аралығында өтті. Оған 56 елден 400 экспонент қатысты. Бұл көрме әлемдегі ең үздік көрмелердің алғашқы ондығында.

Қазақстан ұлттық павильоны Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК АҚ көмегімен қазақстандық туризмді қолөнер және өнер арқылы танымал ету аясында ұйымдастырылды.

«Manufactura ER» және Alex Hartung отбасылық компаниясы өткен жылы осы көрмеге қатысқан болатын. «Bazaar Berlin»-дегі ол – Қазақстаннан қатысқан алғашқы өндіріс орны. Қос бренд көрмеге әйелдердің кішкентай иық сөмкелерінен бастап, саяхат сөмкелерін де қойды. Ерлердің сөмкелері де бар.

– Бұл көрмеге екінші рет қатыстық. Жоғары сапалы нағыз былғары сөмкелерді әкелдік, – деді компанияның негізін қалаушы Александр Ермаков.

 

Ал, Абай тігін фабрикасы иелерінің бірі Ирина Малюк өз компанияларын осы алаңда алғаш рет таныстырып отыр­ғанын айтады. ABAI бренді көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырған.

– Алғашқы әсер, әрине, өте қызықты, бәрі ерекше. Еңбегімізді ел көрсе, бағаласа деген тілек бар, – дейді Ирина Малюк.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button