Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда құрылысшыларды оқыту үшін заманауи орталық ашылды

Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде Қазақстандағы алғашқы құзыреттілік орталығы ашылды. Онда жұмысшы мамандығы бойынша тәлім алатын студенттер заманауи құрылғылармен жұмыс істеп, білімдерін шыңдайды. Әрі әлемдік стандарттарға сай тәжірибелік дайындықтан өткен түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие. 


Облыс әкімі колледж ішін аралап, жаңартылған құрал-жабдықтарымен, мүмкіндіктерімен танысты. 
– Біздің студенттеріміз 2015 жылдан республикалық, халықаралық WordSkills чемпионаттарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Құзыреттілік орталығы бұл көрсеткіштерімізді жақсарта түседі. Мұнда Қазақстанның құрылыс индустриясына жоғары білікті мамандарды даярлау үшін барлық инновациялық жағдайлар жасалған. Зертханалар мен шеберханалар заманауи құралдармен жабдықталған, – дейді колледж директоры Светлана Балабекова. 
Орталықты жабдықтауға әлеуметтік серіктестер де атсалысқан. 
Студенттер өздерінің стартаптары мен жобаларын көрсетті. Қарағандыдағы бес қабатты үйді бір әлеуметтік серіктеспен әріптестік орната отырып, болашақ мамандар ғимараттың құрастырылымының ескіруі мен мықтылығына зерттеу жүргізбек. Ол үшін оларда электронды теледидар, соңғы үлгідегі өлшеу құралдары бар. 
Студенттердің келесі тобы жаңа құрылыстың жобасымен сандық технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеп жатыр. Ландшафтық аумақ дизайнында өсімдіктер мен гидропоника өсіреді. 
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі 15 мамандық бойынша маман даярлайды. Бүгінде мұнда 600 студент білім алады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар бар.

Басқа материалдар

Back to top button