АймақҚарағанды

Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірім 4,5 жылға сотталды

Қарағанды облысында есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кәмелетке толмаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Сурет Freepik

Сот материалдарына сәйкес, 17 жастағы жасөспірім Пархоменко зауыты маңында синтетикалық есірткіні жасырын орындарға қойып жүрген кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстаған. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 17,576 грамм болатын 40 түйіншек синтетикалық есірткі тәркіленді.

Тергеу барысында жасөспірімнің есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны анықталды. Іс сотта қаралып, кәмелетке толмаған тұлға кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты әрекеттерден аулақ болуға және сақ болуға шақырады. Мұндай қылмыстар үшін заңнамада қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Сәнерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-дің ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button