АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

Облыс әкімдігінің мәліметінше, апат кезінде шахтада 252 адам болған. 205 кенші жер бетіне шығарылып, 11 кеншінің мәйіті табылды.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында PVASS құтқарушылары тобы жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, 18 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Штаб құрылды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары, Қарағанды облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдары өкілдері бар.

Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы орын алған.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (8-7212) 51-72-23, 49-72-70 ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін, сенім телефондары жұмыс істейді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button