Облыс әкімі

Қарағандыда ипподром ашылады

Қарағанды қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында ипподром салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде хабарлады.

“Ат құлағында ойнап өскен халықтың ұрпағымыз ғой. Аймақта ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық білдірген тұрғындардың қатары қалың. Қазір біздің аймақта 43 мыңға жуық азамат ұлттық спорттың 11 түрімен айналысуда. Тұрғындар тарапынан кеншілер шаһарына ипподром керектігі туралы өтініштер түсуде. Біз бұл мәселені ескердік. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ипподром ашылады”, – деді Ерлан Қошанов. 

Басқа материалдар

Back to top button