Бас тақырып

Қарағандыда еңбек мигранттарына медициналық жалған анықтама берілген

Облыстық прокуратураның тапсырмасы бойынша, жеке медициналық ұйымның қызметі тексерілді. Еңбек мигранттарына жұмысқа орналасу үшін 075/Е нысанындағы 700-ден астам жалған медициналық анықтама беру фактілері анықталды.

www.uralskweek.kz

Жекелеген жағдайларда жалған анықтамалар деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдарға берілген. Соның ішінде, соңғылар кейіннен анықталып, ел аумағынан шығарылды.

Айта кету керек, медициналық орталықта медициналық тексеруден өтуді растайтын құжаттама, сондай-ақ, оны жүргізуге қажетті жағдайлар болмаған.

Сонымен қатар, медициналық ұйымның заңсыз қызметі азаматтарымыздың қоғамдық денсаулығына қауіп төндірген.

Осыған байланысты, Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медициналық ұйымның кінәлі тұлғаларына қатысты әкімшілік шаралар қабылдады. Сондай-ақ, ұйымның қызметін тоқтата тұру туралы нұсқама енгізілді.

Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button