Бас тақырып

Қарағандыда бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,84 теңгеден 33,19 теңгеге дейін яғни 14,6%-ға төмендету туралы хабарлама берді.

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясаныда жүргізілді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушінің («ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілген қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Қарағанды қаласының заңды тұлғаларының «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС-на жүгінуге болады:

Заңды тұлғалар үшін: Қарағанды қ., Лободы көшесі, 35а үй, телефон 98-00-51; 87710066454.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button