Бас тақырып

Қарағанды жұртын алаңдатқан мәселелер шешілуде

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды тұрғындарымен екі мәрте кездескен болатын. Сол уақытта тұрғындар тарапынан 150 мәселе көтерілген еді. Әсіресе, абаттандыру, балалар алаңдарын жөндеу, жолдардың жай-күйіне қатысты мәселелер көп қаузалды. Бүгінгі таңда көтерілген мәселенің басым бөлігі шешімін тапты. Ал, 54-і – бақылауда.

Суреттер: облыс әкімінің сайтынан

Мәселен, Пришахтинск тұрғындары Методическая көшесі №17 үйдің және 21-ші шағын ауданындағы балалар алаңын жөндеуді сұраған болатын. Бүгінгі таңда тұрғындар тілегі орындалып, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Сонымен қатар, 21-ші шағын ауданындағы 14-ші үйдің ауласының кіреберісіне асфальт төселді.

Жамбыл көшесі №177 мекен-жайындағы саябақ абаттандырылып, төсеніш төселді. Балалар әткеншегі, воркаут алаңы салынып, жарықшамдар орнатылды.

Кездеу барысында ЖБИ ауданының тұрғындары қараусыз қалған көпқабатты үйлердің мәселесін көтерді. Соған сәйкес, Стахановская көшесіндегі қараусыз қалған екі үйді қайта қалпына келтіру мәселесін қолға алды. Қажетті құқықтық рәсімдер жүргізіліп, қайта құру жобасы әзірленуде.

Одан бөлек, Саяжай тұрғындарының өтініші бойынша Федоров су қоймасы аймағындағы ескі электр бағаналары ауыстырылды. Енді жолдарын жөндеу мәселесі шешілмек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button