Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол жиегінде патрульді машинаның макеті орнатылды

Осакаровкада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде кентішілік, облыстық және республикалық автожолдарда эксперимент ретінде патрульдік машиналардың макетімуляждар орнатылды. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Polisia.kz

Алғашқы бес макет өз қызметін «бастап та кетті». Олар Осакаровка кентіне кіре берісте, Осакаровка-Нұра жолдарының қиылысында, Сельхозснабская көшесінде, Достық-Қарағанды-Байғабылов көшелерінің қиылысы, сондай-ақ, Достық көшесі №9 гимназияның жанында орналасқан.

Орындар кездейсоқ таңдалмаған, себебі онда апаттар жиі орын алатын көрінеді.

Жобаны Осакаров ауданының полиция бөлімі жүзеге асырады.

«Алдын алудың бұл әдісі ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралармен бірге жүргізіледі. Жүргізушілердің көз алдында «кезекші экипаждар» жылдамдық режимін сақтауға, жаяу жүргіншілерге жол беруге және жол қозғалысының басқа да ережелерін ұстануға ықпал етеді», – деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.

Айта кететін жайт, автомобиль фигурасы шынайы прототипке толығымен сәйкес келеді. Онда тану элементтері, экипаждың аумақтық тиістілігі көрсетілген.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button