Бас тақырып

Қарағанды облысында қызылшаның 671 расталған жағдайы тіркелді

25 желтоқсандағы жағдай бойынша, аймақта 671 адамнан қызылша анықталған. Науқастардың 64,5%-ы Қарағанды қаласында тұрады.

Сурет: zhalagash-zharshysy.kz сайтынан

Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанованың айтуынша халық арасында аурудың таралуын болдырмау үшін 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталған. 6 айдан 11 айға дейінгі, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар (қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан), сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық егулері жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері вакцинациялауға жатады. 

– 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Қарағанды өңірінде қызылшаға қарсы 20 278 адам егілді. Бұл көрсеткіштің ішінде 6 айдан 11 айға дейінгі балалар –  4 441, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар –  12 811, сондай-ақ 2006 медицина қызметкері бар. Қазіргі уақытта қолданылатын қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина (ҚКП) әлемде, оның ішінде Қазақстанда да көптеген жылдар бойы қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін растады, – деп бөлісті Гүлжан Байғұтанова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button