Қарағанды облысында шалғай елдімекендердің 90%-дан астамы кең жолақты интернетке қол жеткізді
«Ortalyq Qazaqstan» газетінің 13 шілдедегі №76 санында Президент тапсырмасын орындау шеңберінде Қарағанды облысындағы 219 ауыл сапалы интернетпен қамтылғаны баяндалған еді. Бұл дегеніміз – шалғай елдімекендердің 90%-дан астамы кең жолақты интернет желісіне қол жеткізді деген сөз. Дерек пен дәйек сенім ұялатады. Дегенмен, бұл маңызды мәселеге қайтадан қайырылып, кеңірек шолу жасағанды құп көрдік.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Екі жыл ішінде 741 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету керек болған. Бірақ, 260 ауыл-аймаққа әлі ғаламтор желісі тартылмаған. Қала мен ауыл тұрғындары арасында сандық технологияға көшу алшақтығы бар. Бұл жай ғана алшақтық емес, әлеуметтік теңсіздік. Сондықтан, Үкімет цифрлық алшақтықты реттеу жұмыстарын жандандыруы қажет», – деп Үкіметке қатаң тапсырма берген еді. Мұнымен бірге, елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz