Қарағанды облысында сайлаушылардың 14,01 пайызы дауыс берді
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында сайлаушылардың дауыс беру барысы туралы сағат 10:00-дегі мәлімет жарияланды. Осы уақытқа дейін Қарағанды облысындағы сайлаушылардың 14,01 пайызы өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысты.

Орталық сайлау комиссиясы Астана қаласының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы төмендегідей алдын ала деректерді ұсынады:
Астана қаласы – 9,93%
Абай облысы – 12,56%
Ақмола облысы – 12,04%
Ақтөбе облысы – 16,49%
Алматы облысы – 13,53%
Атырау облысы – 11,86%
Батыс Қазақстан облысы – 11,85%
Жамбыл облысы – 12,83%
Жетісу облысы – 14,24%
Қарағанды облысы – 14,01%
Қостанай облысы – 9,75%
Қызылорда облысы – 16,33%
Маңғыстау облысы – 13,02%
Павлодар облысы – 10,91%
Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%
Түркістан облысы – 15,32%
Ұлытау облысы – 12,97%
Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%
Алматы қаласы – 6,41%
Шымкент қаласы – 12,67%
Республика бойынша сағат 10:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31% дауыс берді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



