Аймақ

Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды. Қолайлы ауа-райында егін жинау қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған. Бүгінгі таңда 109 мың тонна астық бастырылып, 17,9 мың тонна картоп пен 4,2 мың тонна көкөніс жиналды.

 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

– Биылғы жылы ауа-райы фермерлер үшін айтарлықтай қолайлы болған жоқ. Жаз құрғақ болып, егін жинау кезінде бұршақ жауды. Дегенмен, өсімдік өсірушілер жоспарланған өнімділікке жетуге тырысады. Өңірдегі дәнді дақылдардың егін жинау алаңы 993,2 мың га құрайды, оның ішінде бидай – 813 мың га алдын ала теңгерім бойынша, орташа өнімділігі 8,3 ц/га болғанда астықтың жалпы түсімі 824,3 мың тонна көлемінде күтіледі, – деді Өсімдік шаруашылығы және техникалық жарақтандыру бөлімінің басшысы Болат Омарбаев Instagram-да тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, егін жинау жұмыстары бес ауданда жүріп жатыр, алдағы күндері Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында да басталады.

Егін жинауға 2 260-тан астам техника жұмылдырылды: астық және картоп жинайтын комбайндар, картоп қазғыштар.

Картоптың жалпы өнімділігі шамамен 420 мың тонна, көкөністер – шамамен 89 мың тонна болады деп күтілуде.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button