Облыс әкімі

Қарағанды облысы қаржы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымына Людмила БАШАРИНА тағайындалды. Ол бұған дейін осы ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Людмила Викторовна Башарина 1972 жылдың 8 желтоқсанында Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде дүниеге келген.

1999 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін бітірген.

2002 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист.

Людмила Башарина еңбек жолын 1989 жылы Ульянов ауданындағы механизация және жабдықтар кәсіпорнында машинист ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметке 1997 жылы Қарағанды облысының қаржы басқармасы қаржы органдары мен облыстық қаржы аппаратының жұмысын ұйымдастыру секторының бірінші санатты маманы ретінде келген. Кейін ведомство бюджеті бөлімінің бас маманы болды.

2013 жылдан бастап Қарағанды облысы экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап қаржы басқармасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button