#Biz birgemiz!

Қарағанды облыстық «Көмек-2020» қоры жиналған қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы есеп берді

Коронавирустың таралуымен күресу үшін құрылған  облыстық «Көмек-2020» қоғамдық қорына 728 282 322 теңге түсті. Қорға кәсіпорындардың, ұйымдардың еңбек ұжымдары, құрылыс және жол компаниялары жарна төледі.  Сондай-ақ, облыстағы мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын аударды.

Жиналған қаражаттың 58 750 000 теңгесіне 10 «САП-01» автокөлік дезинфектор-бүріккіштері сатып алынды (бүгінгі күні сомасы толық төленбеді); 33 918 926 теңгеге аспалы және бензин бүріккіштері алынды. Облыс ауруханаларына дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 92 339 889 теңге жұмсалды. COVID-19 індетімен күресуге қатысқан медициналық қызметкерлердің мекемелерде тұруына және тамақтануына 34 938 500 теңге жұмсалды. Медицина қызметкерлерін карантин жағдайында тұрып жатқан тұрғылықты жерлерінен жұмысқа дейін тасымалдау үшін 1 992 000 теңге төленді. COVID-19 жұқтыру қаупі болған «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК қызметкерлерінің сыйақысына 68 949 750 теңге бөлінді.

Қор қаражатының жұмсалуын қамқоршылық кеңес бақылайды.  Оның құрамына  медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қани Мұсұлманбеков, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ректорының кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Серік Ақсұңқарұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорттың Құрметті қайраткері Валерий Громов кірді.

Кез келген адам қорға өз үлесін қоса алады.
Деректемелер:
«Көмек-2020» қоғамдық қоры
БИН 200 340 023 764
Кбе 18
Индексі 100009
Қарағанды қ., С. Сейфуллин к-сі, 1/2 үй
ЖСК KZ8896509F0007987318
БИК IRTYKZKA
«ForteBank» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалы
 

Басқа материалдар

Back to top button