Қарағандыға министр Саясат Нұрбек келді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек іссапармен Қарағанды облысына келді. Министр ҚарУ-дағы ғылыми технопаркті аралап, ғалымдар кездесу өткізді.
— Жоғары білімге қатысты 8 басымдықпен жұмысты бастадық. Осы орайда еліміздің бірқатар өңірлерінде жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау жүзеге асады. 2025 жылдан бастап Қарағанды университетіне phd докторларды өндіріске даярлауға бағытталған гранттар бөлінеді. Еліміз бойынша 5000 ға жуық гранттар бөлінеді, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Жиында Ғылым фонды жайына тоқталған министр, ҚарУ – дың өндірісте білікті кадрлауда әлеуі жоғары екенін атап өтті. Ғалымдар тарапы министрге сауал жолдап, сұрақтарына жауап берді.
— Қарағандыда 3 мықты университет бар. Металлургияға қатысты, жалпы Орталық Қазақстанға неміс елінің, Израил елінің университеттері қызығушылық танытуда, деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Ғалымдар «Курсера» бағдарламасының гуманитарлық және археология саласына бағыттауды сұрады.
Министр аталған бағдарламаның 4000 түрі қазақ тіліне аударылғанын атады.
Аяулым Совет,
ortalyq.kz
Суреттерді түсірген автор