Бас тақырып

Қанат Бозымбаев Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды

Бұрын облыс әкімі, министр қызметтерін атқарған Қанат Бозымбаев Үкімет басшысының орынбасары болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Ақорда

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген ақпарат көзінде.

Ал оның қандай салаға жауап беретінін Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады, – деді ол.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button