Аналар ардақталды

Бұрнағы күндері аудан әкімі Ғабдрахман ОМАРОВ еліміздің демографиялық дамуына үлес қосып жүрген көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін салтанатты түрде табыс етті.

«Алтын алқаға» Атасу кентінің тұрғыны Ольга Ключник ие болса, «Күміс алқа» белгісі М.Жұмажанов ауылдық округінің тұрғыны Гүлбаршын Қасымова, С.Сейфуллин ауылдық округінің тұрғыны Дәметай Төлеубекова және Ақтүбек ауылдық округінің тұрғыны Айнагүл Утибаеваға табысталды.

Ауданымыздағы әйелдердің қоғамдық мәртебесі бұрынғыдан да көтеріліп келеді. Бүгінгі таңда мұндағы барлық тұрғындардың 57 пайызы әйелдер қауымы болса, оның ішінде 543-і «Алтын алқа» иегері, 359 ана – «Күміс алқа» және I-II дәрежелі «Ана Даңқы» медальдарының иегерлері.

«Алтын құрсақты ана — жұмақтың кілтін ұстайды» деген сөз бар. Ендеше, әлемнің жарығын сыйлаған аяулы жандарға деген құрмет әрқашанда жоғары. Тек балаларының алдында ғана емес, мемлекет алдында да үлкен еңбек етіп, ел алдында абыройларын асырған алтын құрсақты аналардың, оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанған нәзікжандылардың жүздеріне күлкі ұялату – баршамызға ортақ міндет.

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.