Тағзым

Ғалым есімі ұмытылмайды

Қарағанды техникалық университетінде Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, ҚарТУ профессоры Кәден ТОҒАЙБАЕВТЫҢ құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Тақтаның ашылу салтанатына Қарағанды техникалық университетінің ректоры Марат ИБАТОВ қатысып, естелігімен бөлісті.

Кәден Тоғайбаев – бірқатар оқу құралдары мен ғылыми мақалалардың авторы. Олардың ішінде Қазақ КСРО Ауыр индустрия кәсіпорындарының құрылыс министрлігі Бас орталықтың құрылыс ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау бойынша әдістемелік нұсқаулары бар. Кәден ағамыз 1961 жылдан 2019 жылға дейін кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары және декан, сонымен қатар, ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде жемісті еңбек еткен.

– Университет дамуына, қазақстандық индустрия үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға үлкен үлес қосты. Қарағанды политехінің бастауында тұрған және мыңдаған инженер-құрылысшыларды, экономистерді даярлауға баға жетпес үлес қосқан ғалым ағамыз туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді Марат Ибатов.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button