«АЛТЫН-АЛМАСТЫҢ» АРШЫНДЫ ҚАДАМЫ
Елімізде индустрияландыру картасы арқылы ашылған өндіріс орындары шалғайдағы аудандардың экономикасының ілгері дамуына тың серпіліс әкелді.
Соның бірі «Алтын-Алмас» АҚ. Кәсіпорынның инновациялық жұмыс ауқымы да ұзақ мерзімге негізделген. Жылма-жыл өндіріс қарқынын арттырып, алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Мұның өзі жергілікті халықты жұмысқа тартып, нәпақасын табуға әжептеуір септігін тигізіп отыр.
Кәсіпорын өткен жылды айтарлықтай табыспен аяқтап, көздеген межеден шыға білді. Мәселен, алтын іздеушілер 26 824,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп, аудан өнеркәсібінің 90 пайызын құрауға қол жеткізді.
Елбасы Н.Назарбаев жұмыссыздыққа жол бермеу жөнінде ұдайы айтып келеді. Жұмыссыздық – қоғамның ілгері дамуына кері әсер ететін бірден-бір фактор. Ал, «Алтын-Алмас» кәсіпорны 510 адамды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, өндірісті ілгері дамытып келеді.
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ
Ақтоғай ауданы.