Аймақта ертең ауа райы қандай болады?
Синоптиктер ертең елдің басым бөлігінде тұман түсіп, нөсер жаңбыр жауатынын және көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығыс жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 17-22 м/с күтіледі.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.