Балқаш

Айлық басталды

Көктем айы қашан да қарбалас. Соның ең бастысы – қала ішін абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын барынша жүйелі жүргізу. Қаланың іші-сыртын күл-қоқыстан арылтып, мұнтаздай таза етіп, ағаш көшеттерін отырғызу қолға алынды.

Балқаштықтар өткен аптаның соңында сенбілікке бір кісідей қатысып, әр мекеме, оқу орындары, кәсіпорындар өздеріне жүктелген міндетті тиянақты атқара білді. Алғашқы кезеңде үш мыңға тарта адам сенбілікке шығып, бірнеше мамандандырылған техника тартылды. Әрине, науқан енді басталды, сондықтан бірлесе атқаратын шаруа өте көп. Осыған орай қалада екі айлық «Тазалық бейсенбісі» басталды. Сенбілікті күтпей-ақ, әр бейсенбіде әрбір ұжым белгіленген кесте бойынша тазалық жұмыстарын жүргізіп, жүктелген міндетті тиянақты атқара беруі тиіс.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button