ЖаңалықтарОблыс әкімі

Ахуал қатаң бақылауда

22 қыркүйекте «№3 Автобус паркі» ЖШС әкімшілігі және кәсіпорын жүргізушілері мен кондукторлары арасындағы келіспеушіліктің салдарынан кейбір қалаішілік бағыттардың жүру кестесінде үзілістер орын алды. Нақты айтқанда, №53 («Оңтүстік-Шығыс автобекеті – Горняк»), №43 («30-шы ықшамаудан – 14-ші ықшамаудандағы автобекет») бағыттарында 20 автобус жолға шықпады. Мәселеге қатысты облыс және Қарағанды қаласы басшылығы тарапынан жедел шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда дау-жанжал шеші­мін тапты. Жағдай тұрақты, автобустар бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасауда.

Жергілікті атқарушы орган, «№3 Автобус паркі» ЖШС мен бағытқа шықпаған жүргізушілер арасында үшжақты келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде, дау реттелді.

Жүргізушілер автопарк тарапынан жоспардың көтерілуіне наразылық танытқан. Биліктің араласуымен автопарк аталған бағыттардағы тасымалдауды жалғастырды.

Қазіргі уақытта келісім комиссиясының жұмысы жалғасуда. Жұмыс қорытындылары туралы кейінірек қосымша хабарланады.

Жағдай қатаң бақылауда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button