Облыс әкімі

АБАТТАНДЫРУ – АЙМАҚ АЖАРЫ

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандыдағы Волочаевск көшесі бойындағы абаттандырылған аула алаңын аралады.

Волочаевск көшесі 39 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үй – өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Бағдарлама аясында ауланы абаттандырып, шырайын келтіре түскен шаралар жүргізілуде. Бұл жұмыстарды келісім-шарт негізінде «АССАР KZ» ЖШС атқарады. Маусым айында қолға алынған жұмыс қыркүйекте аяқталуы тиіс. Кешенді абаттандыру жобасы негізінде аула алаңына асфальт төсеу, жол жиегін алмастыру, жаяу жүргінші жолын салу, сонымен қатар, балаларға арналған ойын және спорт алаңын орнату жұмыстары жасалады. Сондай-ақ, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, жарықтандыру, ағаш отырғызу және бейнебақылау камераларын қою сынды жұмыстар да қарастырылған.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button