АбайАймақ

Абай ауданында баспасөзге жазылу – қарқынды

Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов «Saryarqa aqparat» медиахолдингі жазылым бөлімінің менеджері Бота Амануллина мен облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Абай және Бұқар жырау ауданы бойынша меншікті тілшісі Ержан Имаш пен «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Наталья Фоминаны қабылдады.

Жүздесу барысында аудан әкімі Президент реформалары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын жазып көрсетуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, республикалық, облыстық, аудандық газеттерге екінші жартыжылдыққа жазылу ісі қарқынды жүргізілуде екенін баса айтты. Аудан оқырмандарына үлгі көрсету үшін әкім өзі бас болып аудан әкімі аппараты қызметкерлері осы басылымдарға тегіс жазылғанын жеткізді. Жер-жерлердегі баспасөзге жазылу науқанын өзі қадағалап, жоспарды белгіленген межеден аса орындауға уәде берді.

Одан бөлек, аталған басылымдарға үнемі қолдау көрсетуге даяр екенін мәлімдеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button