Бас тақырып

Жаңа жыл мерекесінде Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Ел азаматтарының қаңтар айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: krasnodarmedia.su сайтынан

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1,2 қаңтар. Желтоқсан айының соңғы 30,31 күндері 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісіне сәйкес келеді. Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді. Ал 5 күн еңбек ететіндер қатарынан 4 күн демала алады.

3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 6,7 қаңтар сенбі-жексенбінің қалыпты демалысы.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button