Руханият

Ақбақай (Ақселеу Сейдімбектің рухына) 3

(Жалғасы. Басы №11, №14 санда)

Ең бастысы қасқыр шүйбөріге құтын берген!

Содан барып ит пайда болған.

Кері болуы әсте мүмкін емес. Шуландар тек жалмен ғана жұптасқан!

Шүйбөрінің сырт пішініне қарасақ қасқырдан гөрі итке туысатын сынды.

Итті жеті қазынамыздың бірі деп шимайлап та, сұңқылдап та жүрміз.

Қазір итшежіре деген әуезе шықты. Жеті атасынан бері қайырады, жетпіс жеті атасына дейін талдайды. Әйтпесе саудаға шығарған итіңіз өтпейді.

Қалай дегенде жаһанда ит саудасы жүріп тұр. Жақсы ит үшін автокөлігінен түскендер, басындағы баспаналарын сыйлаған делқұлылар туралы аңызда қисап жоқ.

Иттің бүгінгі мәртебесі – тауар!

Сондықтан да ит саудасы бүгін-ертең тоқтап қалмайды.

Ит саудасы бұрыннан бар. Қазақ байлары заманында жақсы ит үшін үйірлеп айтұяқ айдатқан.

Бірақ қазақтың ит саудасы қазаққа ғана тән сауда.

Өйткені қазақ ұғымында ит айтып өткеніміздей жеті қазынаның бірі…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 11.02.2023 No17 (23 193) санынан оқи аласыздар. 

Төрехан МАЙБАС,

этнограф-жазушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button