Руханият

Ақбақай (Ақселеу Сейдімбектің рухына)

Жаһандану дәуірі ойына келгенін істеп жатыр.

Тіпті ойға алмайтын нәрселер болып жатыр.

Өзекті жандар құдайы болмысынан бас тартып жатыр.

Жарық дүниеге еркек болып келіп, қараңғы түнекке ұрғашы болып аттанып жатқандар қарасы көбейе түсуде.

Мынау бақырлық дүниеде ­еркек болып та, ұрғашы болып үлгеріп жатқандар да баршылық. Қазақтың баяғы қызтекелері жолда қалған. Екі байға тиюге рұқсат сұрап жатқан қарындастарымыз да баршылық.

Миға кірмейтін, ойға алмайтын нәрселер орын алуда. Әсте сенгің келмейді. Адамзат баласы өзі әлпеттестермен жұптаспай басқа мақұлықаттармен жұптасқанды жаратқан жайы бар.

Қалай дегенде әлемде ит культі жүріп тұр. Бразилияда ит шіркінді өздерімен қатар қояды. Олардың некесін шіркеулерінде қияды, тойларын шілде айында арнайы мейрамханаларда өткізеді.

Мұндай культ басқа жұрттарда да жүріп тұр.

Ит культінен қазақ баласы да бас тартып отырған жоқ. Жоғалтып алған ит культін қайтып қалпына келтіру бойынша бүгінде қазақ даласында қыруар жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде қазақ төбеті мен қазақ тазысын әлем жұртшылығының назарына алып шығу бүгінгі қазақ итбегілерінің басты нысаны болып қалуда. Мемлекеттің тарапынан бұл бағытта барынша қолдау көрсетілуде.

Аға ұрпақ өкілі мұның не екенін білсе керек. Өкіметтің үнсіз қолдауымен өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында ит біткенді қырып салғанымыз бар. Ит ауруы қойға жұғады деген догма болды.

Бүгінде бәрі басқаша. Ветеринарияның жетілгені соншалық, бүгінде итке қой ауруы жұқпаса, қойға ит ауруы жұға қоймайды.

Итпен жұбайлық жағдайда тұратын иісалмастарды бүгінде көз көріп отыр. Тіпті, олардың некеге отырғандары да бар дейді. Енді жыланмен бірге тұратын ­әуезе шығыпты дейді.

Мына жарық дүниеде біраз жүре тұрсақ оны да көретін болармыз.

Ендігі әңгімеміз ит жөнінде…

 

Материалдың толық нұсқасын газеттің 28.01.2023 №11 (23 187) санынан оқи аласыздар. 

Төрехан МАЙБАС,
этнограф-жазушы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button