Руханият

Ақбақай (Ақселеу Сейдімбектің рухына) 2

(Жалғасы. Басы №11 санда)

Сонан сауалнама жүргізейін.

Жер бетінен қасқырдың сүйегін көрдіңіз бе деп.

Өлген қасқырдың сүйегі қайда кетеді деп.

Қасқыр қорым көрдіңіз бе деп.

Сонда да жетекке жүрмейді-ау…

Сонан өзім жауап берейін.

Қасқырдың сүйегі ешқайда да кетпейді деп.

Олар да өзіміз сынды, жер қазып, арулап көмеді деп.

Олардың өз қабырстаны болады. Сүйектерін көрінген жерге көме бермейді. Олардың да өз қорымдары болады. Соған жерлейді. Және қорымдарына келіп тұрады.

Мұндайда мен нағашым Бітім Көшмағанбетұлын жағалаймын. Менің «Көрлеуітімдегі» Тастың прототипі осы кісі. Білетіні көп. Көңілге түйгендері де аз емес. Мейлінше қарулы адам. Қасқырды жалаңқат алады.

Бұл нағашымның да менен қашық жүргісі бар. Өйткені менің сауалымның ұшы-қиыры болмайтын.

Он сауал қойсам, кемі екеуіне жауап берер еді. Маған соның өзі жеткілікті.

Әкей де ит тірлікке байланғандардың бірі еді. Тура мағынасында.

– Итті білсе қазақ білсін, – деп отыратын әкеміз…

 

Материалдың толық нұсқасын газеттің №14 (23 190) 4 ақпан, сенбі 2023 жыл санынан оқи аласыздар. 

Төрехан МАЙБАС,

этнограф-жазушы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button