Жаңалықтар
Қарағандыда «7-20-25» бағдарламасының Instagram парақшасы ашылды
Баспаналы болуды ойлаған азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатысты сауалдарын онлайнда жолдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев аппарат жиынында мәлімдеді, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

-Тұрғындардың сауалына жауап беру үшін біз Instagram желісінен парақша аштық. Онда «7 — 20 — 25» бағдарламасына қатысты ақпараттар жариялануда. Осылайша, қарапайым азаматтар аталмыш бағдарлама арқылы нақты қай үйден пәтер алуға болатынын біле алады, — дейді Асылбек Дүйсебаев.



