Жаңалықтар
Жолаушылар автобуспен жүрген әкімді видеоға түсіріп алды (видео)
Бұрнағы күні Қарағандылықтар қала әкімі Нұрлан Әубакіровты 118-бағыттағы автобустан көріп, видеоға түсіріп алды.
Нұрлан Әубакіров таңертеңгілік «Сортировка» шағын ауданынан 118-автобусқа мініп, «Оңтүстік-шығыс» автостанциясы» аялдамасына дейін барған.
Айта кету керек, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қоластындағы шенеуніктерге аптасына кем дегенде бір мәрте автобусқа мініп, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауды тапсырған болатын.



