Жаңалықтар
«Астана – Ақтоғай» велошеруі Қарағандыда
Астананың 20 жылдығы мен Ақтоғай ауданының 90 жылдығына орай бір топ белсенді азаматтар велошеру ұйымдастырды. Қыркүйек айының төртінде Елордамыздан басталған «Астана-Ақтоғай» велошеруі 500 шақырымдық жолдың «Осакаров – Қарағанды» бөлігін жүріп өтті.

«Астана-Ақтоғай» велошеруі Осакаровка-Қарағанды бөлігінің нәтижесі:
Қашықтық: 101 шақырым.
Уақыты: 6 сағат 6 минут.
Бұл кезеңді Қарағандыдағы Үлкен тудың қасында аяқтадық.
Қалың ел күтіп алды.
Баршаңызға Алланың нұры жаусын!!!», — деп жазды велошерудің ұйымдастырушысы Ернат Қашқынов өзінің «Фейсбук» парақшасында.
Қарағандылықтар велошеру қатысушыларын сән-салтанатпен күтіп алып, жолдың келесі бөлігі — «Қарағанды – Ақсу-Аюлы» бағытына шығарып салды.



