Аймақ
Балқаштықтар белсенділік танытуда
Бүгін Балқаш қаласында мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысуда. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатқан азаматтардың қатары қалың.

Атап айтқанда, №206, №213 және №221 сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің қарасы көп. Қала тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындап, өңірдің өркендеуіне үлес қосуға ниетті. Тұрғындардың пікірінше, сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – қаланың дамуы мен елдің келешегіне ықпал ететін маңызды қадам. Әрбір дауыс халықтың үні мен азаматтық ұстанымын білдіреді.
Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
«Ortalyq Qazaqstan»



