Жаңалықтар

Әскерилер азаматтық ұстанымын білдірді

Приозерск қаласында мәслихат депутаттарын сайлаудан әскери қызметшілер де қалыс қалмақ емес. Қаладағы №227 сайлау учаскесінде әскерилер дауыс берді. Соо арқылы олар азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Сурет автордан

Сайлаушылар қатарында 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де бар. Олар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан сырт қалмай, Конституцияда кепілдік берілген сайлау құқығын пайдаланып, таңдау жасады.

Әскери қызмет – ел алдындағы жауапкершілік пен Отанға адалдықтың айқын көрінісі. Ал, сайлауға қатысу – азаматтың қоғам өміріне араласып, елдің бүгінгісі мен ертеңіне бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам. Әскерилердің дауыс беруі де осы азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

ПРИОЗЕРСК

Автор: Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button