Абай ауданының Топар кентіндегі Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ұлттық спорт ойындарыздың бір асық атудан үйірме ашылып, жұмыс істей бастады.

Балалардың ынтық ойны болып саналатын оның 2011 жылы Қазақстанда ресми ережесі бекітіліп, содан бері елімізде асық атудан түрлі деңгейдегі, тіпті халықаралық, әлемдік жарыстарға дейін өткізіліп келеді.
Ал, әзірге топарлық асықшылар ойын ережелерін үйреніп, асық атуға машықтанып жүр. Жаңадан ашылған осы үйірмеге 6 бала мен 10 ересек адам қатысып, оларды жас спорт маманы Серболат Жастілеков жаттықтырады.
– Үйірмеге келетін асықшылар әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін біздегі спорт залында жаттығады. Асық ату үйірмесіне жазылу әлі де жалғасуда, – дейді аталған спорт кешенінің директоры Ғалия Мәлікқызы.
Ержан ИМАШ,
«Ortalyq Qazaqstan»
Абай ауданы



