Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау 29 қарашада өтеді
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, сайлау Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы негізінде ұйымдастырылады.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуі керек.
Алдағы сайлау аясында еліміздегі 228 мәслихаттың 3 447 депутаты сайланады. Оның ішінде 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық, ал 2 053 мандат аудандық мәслихаттарға тиесілі.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



