Бас тақырыпСпорт

Рината Сұлтанова Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Рината Сұлтанова жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды. Екінші орын қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.

Суретті түсірген Владислав Семенов

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарының екі медалі бар. Бұған дейін Арлан Жаңабай ерлер арасында триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button