ЖаңалықтарБас тақырып

Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды.

Суреттер Ұлттық олимпиада комитетінен

Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өткен ISSA-ның XV Бас ассамблеясында өтті. Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде енді.

Жаңа қызметінде ол Ұлттық Олимпиадалық комитеттермен ынтымақтастықты дамытуға, спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға және мүше елдер арасындағы байланысты нығайтуға атсалысады.

Айта кетейік, Головкин 2024 жылдан бері Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарып келеді. 2025 жылдың қарашасында World Boxing ұйымының президенті болып сайланған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button