Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында егін жинау науқанының 70%-ы аяқталды

Қарағанды облысында биыл егін жинау жұмыстары ыстық ауа райына байланысты ерте басталды. Қазір егіс алқаптарының шамамен 70%-ы жиналды. Майлы дақылдардың алқабы төрт есеге ұлғайып, 114 мың гектарға жетті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге Нұра ауданындағы бірқатар шаруашылықтың жұмысымен танысты. Науқанға 1966 астық жинайтын комбайн, 609 дестелегіш және картоп жинайтын 78 комбайн жұмылдырылған.

Министр «Асхат» шаруа қожалығы мен «Шахтерское» кәсіпорнына барып, суармалы егіншілікті дамыту, техниканы жаңарту және өнімді сақтау мәселелерін қарады. «Шахтерское» шаруашылығында биыл 15 мың тонна өнімге арналған жаңа картоп қоймасы іске қосылды.

Сонымен қатар «Рамадан» сүт-тауар фермасында өндірісті кеңейту жоспары таныстырылды. Қазір фермада 1100 сауын сиыр бар, тәулігіне 33 тонна сүт өндіріледі. Алдағы уақытта мал басын 1500-ге, өндірісті 40 тоннаға жеткізу жоспарланған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button