Жаңалықтар

Энергетика саласының тұрақтылығы – ел дамуының кепілі

Қарағанды қаласындағы «KEGOC» АҚ кәсіпорнында энергетика саласының еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Жұлдыз Сағымбаева, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы энергетика саласын дамытуға қатысты бағыттар таныстырылды. Электр энергиясын үздіксіз жеткізу, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, желілердің сенімділігін арттыру және сала мамандарының еңбек жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Энергетика саласының қызметкерлері өз жұмыстарына қатысты пікірлерін білдіріп, инфрақұрылымды дамыту мен саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Кандидаттар энергетика жүйесінің тұрақты жұмысы ел экономикасы мен халықтың күнделікті өмірі үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.

– Энергетика – барлық саланың үздіксіз жұмыс істеуіне негіз болатын стратегиялық бағыт. Сондықтан электр желілерін жаңғырту, инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз ету және осы салада еңбек ететін мамандарды қолдау маңызды. Энергетикалық қауіпсіздік елдің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі, – деді кандидат Увайс Джанаев.

Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button