Бас тақырыпСпорт

Өңірде QARAGANDY HALF MARATHON-2026 өтеді

29 тамызда Қарағандыдағы «Қарағанды Арена» мұз сарайының алаңында дәстүрлі QARAGANDY HALF MARATHON 2026 жарысы өтеді. Алғашқы старт таңғы сағат 8:00-де беріледі.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Қатысушылар 21, 10 және 5 шақырымдық қашықтықтарға, ал балалар 1 шақырымдық KIDS жарысына қатыса алады. Мәреге жеткен спортшыларға естелік медаль табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Биыл қатысу құны 10 мың теңге. Старттық пакетке футболка, спорттық сөмке, нөмір және медаль кіреді. Балаларға 200 тегін орын бөлінсе, мүмкіндігі шектеулі 30 адам тегін қатысады.

Жарысқа тіркелу 23 тамызға дейін жалғасады.

Сол күні мерекелік шаралар концертпен жалғасады. Сағат 18:00-де жаңа қала алаңында Димаш Құдайберген, Дима Билан, Қайрат Нұртас, Moldanazar және басқа да өнерпаздардың қатысуымен үлкен концерт өтеді деп жоспарланған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button