Бас тақырыпЖаңалықтар

Балқашта өндірістік апаттан жұмысшы ауыр жарақат алды

Балқаш қаласындағы «Монтажник-ЭМ» ЖШС кәсіпорнында 47 жастағы металл жонушы жұмыс кезінде ауыр жарақат алды.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Оқиға кәсіпорынның металл жону цехында болған. Маман кескіш станогында білікті зімпара қағазымен өңдеп жатқан. Осы кезде жұмысшының киімі мен оң қолы айналып тұрған білікке ілініп, қолы механизмге тартылған.

Жазатайым оқиға салдарынан ер адамның оң қолының кисті травматикалық жолмен үзілген.

Зардап шеккен жұмысшыға оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді. Кейін жедел жәрдем көлігімен Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды. Мамандар өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын және жазатайым оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button