Бас тақырыпЖаңалықтар

Бұқар жырау ауданында жаңа спорт нысандары салына бастады

Бұқар жырау ауданында тұрғындардың спортпен айналысуына арналған жаңа мүмкіндіктердің қатары артуда. Доскей ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Сурет облыс әкімдігінен

Екі қабатты нысанда әмбебап зал, күрес пен бокс залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары, медициналық кабинет және жаттықтырушылар бөлмесі бар. Жобаны құрылыс компанияларының бірінің басшысы Айдос Ыдырысовтың бастамасымен іске асыру жоспарланған. Аталған компания 2023 жылы Қарақұдық ауылында да спорт кешенін салды.

Байқадам ауылында алғашқы воркаут алаңы пайдалануға берілді. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған жаттығу құрылғылары да бар. Алаң аумағы тегістеліп, негізі нығыздалып, жасанды көгал жайылған. Абаттандыру жұмыстары ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button