Бас тақырып

Қарағандыда өтетін Шахтерлер күніндегі концертке танымал жұлдыздар келеді

Қарағандыда Шахтер күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік концерттің жұлдызды қонақтары көбейіп келеді. 29 тамыз күні сағат 18:00-де «Жаңа алаңда» өтетін кеште танымал отандық және шетелдік өнерпаздар өнер көрсетеді.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Бұған дейін концерт бағдарламасында Moldanazar мен танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас өнер көрсететіні белгілі болған еді. Енді мерекелік кештің хедлайнерлері қатарына ресейлік танымал әнші Дима Билан да қосылды.

Осылайша, Қарағанды тұрғындарын ауқымды музыкалық бағдарлама мен жұлдызды өнерпаздардың қатысуымен өтетін концерт күтіп тұр.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке қатысатын өнер жұлдыздарының тізімі алдағы уақытта тағы да толықтырылуы мүмкін.

Шахтер күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 18:00-де «Жаңа алаңда» өтеді. Кешке қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button